Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар Әлем чемпионатында таеквондодан Қазақстанның құрамасы екінші алтын медальмен қуантты.
Әлем біріншілігінің жеңімпазы Батырхан Төлеуғали атанды.
Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Финалда Төлеуғали Иран спортшысы Мохаммад Ализадені ұтып жеңіске жетті.
Айта кетейік, біздің құрама қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тлеулес қола медаль жеңіп алған еді.