logo

Падел ресми түрде Азия ойындарына енгізілді

Падел ресми түрде Азия ойындарына енгізілді

Падел үшін тарихи күн: Азия Олимпиада кеңесі (OCA) паделді ресми түрде мойындап, оны келесі Азия ойындарының бағдарламасына қосты, деп хабарлайды Sport+ Қазақстанның падел федерациясына сілтеме жасап.

Бұл шешім паделдің Еуропа ойындарына, Оңтүстік Америка ойындарына және Жерорта теңізі ойындарына енгізілуінен кейін қабылданып отыр.

Азияда падел қарқынды дамып келеді — 30-дан астам елде 4 600-ден аса корт және 1 700 клуб бар.

FIP президенті Луиджи Карраро OCA-ның мойындауы Олимпиада ойындарына жақындаудың маңызды қадамы және спорттың Азияда да, бүкіл әлемде де жылдам өсіп келе жатқанын дәлелдейтінін атап өтті.

Келесі Азия ойындары 2026 жылы Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтеді.

Падел жаһандық спорт ретіндегі позициясын нығайтып, Олимпиадаға тағы бір қадам жасады.



Күн шежіресі