Қазақстан құрамасы паделден Азия чемпионатына қатысады

17-ден 25 қазанға дейін Доха қаласында (Қатар) құрлықтық деңгейдегі беделді турнир өтеді, онда біздің спортшылар Азияның ең мықты командалары арасында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport+.
Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы D тобына түсті, оған Жапония, Филиппин және Ливан командалары енді.
Турнирге дейін біздің команда толық медициналық тексеруден өтіп, ОФП және йогамен белсенді айналысты, сондай-ақ қарқынды жаттығу жиындарын өткізді. FIP Silver жарыстарындағы сенімді өнер көрсетулерінен кейін Азия Кубогына тамаша формада келді.
Турнирдің бастапқы кезеңі 17-ден 19 қазанға дейін өтеді, ал әр топтан үздік шыққан командалар финалдық сегіздікке шығады. Азия Кубогының бұл кезеңі 20-дан 24 қазанға дейін жалғасады.