logo

«Қайрат» өз алаңында «Олимпиакосқа» жол берді

«Қайрат» өз алаңында «Олимпиакосқа» жол берді

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 6-турындағы «Астана-арена» стадионында өткен ойында «Олимпиакосқа» 0:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.

Жалғыз гол 73-минутта соғылды — жылдам шабуылдың қорытындысында Желсон Мартинш көзге түсті.

Грек клубы матч бойы ойын тізгінін өз қолында ұстап, қауіпті сәттерді көбірек жасады. Ал «Қайрат» тек кейбір эпизодтарда ғана қарсы шабуылдар ұйымдастырып, шабуылда дәлдік таныта алмады. Екінші таймда алаң иелері ойынды теңестіруге тырысқанымен, нақты гол соғатын мүмкіндік таба алмады.

Матчтың үздік ойыншысы болып «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков атанды.



Күн шежіресі