«Бешікташ» пен «Газиантеп» ұпай бөлісті (видео)
Түркия Суперлигасының 15-туры аясында «Бешікташ» пен «Газиантеп» кездесуі 2:2 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Қонақ команда сапында Мохамед Байо дубль жасады, ал «Бешікташ» құрамында Эль Билаль Туре және Тэмми Абрахам гол соқты.
Осы матчтан кейін «Бешікташ» 25 ұпаймен турнир кестесінде 5-орында, ал «Газиантеп» 23 ұпаймен 7-орында тұр.