logo

Көршілер текетіресі: «Бешікташ» – «Газиантеп» матчы тікелей эфирде

Көршілер текетіресі: «Бешікташ» – «Газиантеп» матчы тікелей эфирде

8 желтоқсанда Түркия чемпионатының 15-туры аясында «Бешікташ» өз алаңында «Газиантепті» қабылдайды.

Ойын Ыстамбұлдағы «Vodafone Arena» стадионында өтеді.

Матч алдында командалар Суперлига турнирлік кестесінде бір-біріне өте жақын орналасқан. «Бешікташ» 14 турдан кейін 24 ұпай жинап, алтыншы орында тұр. «Газиантеп» 22 ұпаймен жетінші орынға жайғасқан. Екі ұпайлық айырмашылық алдағы кездесудің маңызын арттыра түседі: қонақтар жеңіс арқылы жоғары көтерілуі мүмкін, ал алаң иелері ең жақын бәсекелесінен ұзап кетуді көздейді.

«Газиантеп» соңғы сырт алаңдағы ойындарында жеңілмей, жақсы формада келіп отыр. Ал «Бешикташ» туған алаңдағы артықшылығын пайдаланып, турнирдің жоғарғы бөлігіндегі позициясын нығайтуды жоспарлайды. Бұған қоса, жақында өткен ойындардың бірінде «Газиантептің» ыстамбұлдық клубты жеңгені интриганы күшейте түседі.

Кездесу турнирлік маңызы жоғары, тартысты өтуі күтіледі.

Тікелей эфирде бұл кездесу Sport+ Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ Sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады. Кездесу 22:00–де басталады. 



Күн шежіресі