Ресейлік «Локомотив» пен «Ахмат» қазақстандық жас шабуылшыға қызығушылық білдіруде
Мәскеулік «Локомотив» пен грознендік «Ахмат» 22 жастағы «Елімай» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекті сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ «Инсайды от Карпа» Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Әлеуеті жағынан Ғалымжан «Челси» сатып алған 17 жастағы Сатпаевтан кем емес. Оны Ресей клубтарымен көптен бері байланыстырып келеді: былтырғы жылы «Краснодар» мен Хабаровскінің СКА клубы қарап, биыл «Акрон» қарастырған.
Клубтағы (2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы 11 матчта 6+4) және халықаралық деңгейдегі соңғы сәтті ойындары (Еуропа чемпионатына іріктеуде 8 матчта 2+1) оған «Олимпиакос» пен «Данди Юнайтедтің» назарын аудартты.
Кенжебек — шеберлігі жоғары, ойлау қабілеті ерекше, дриблингі мықты шабуылшы. Ойын мәнері жағынан «Ахмат» сапындағы Самородов пен Садулаевты еске түсіреді.
Егер қыста «Локо» Бариновтың кетуіне байланысты 4-2-3-1 схемасына өтсе, клубқа сол қапталға ойыншы қажет болады: Пиняев әзірге жарақатына байланысты тұрақсыз, ал Салтыковтың ойыны құбылмалы (оған қоса, тәжірибе жинау үшін жалға жіберіледі).
Тұрақты ойнайтын футболшылардан тек Руденко мен Бакаев қалады, оларды оң және сол қапталда да қолдануға болады.
«Ахмат» Кенжебекті Садулаевтың ауыстырушы нұсқасы ретінде қарастыруда. Черчесов келгеннен бері бұл таулы өңірдің түлегі құрамның негізгі ойыншысына айналды (14 матчтың 13-інде негізгі құрамда).
Мансилья, Самородов және Гаджиев көбіне оң жақта ойнайды, ал Жемалетдинов пен Касинтура — орталықта. Лечиді алмастыратын адам жоқ. Ал Кенжебек Саламычқа Қазақстан құрамасынан жақсы таныс.
«Локомотив» футболшыны Грозный емес, Мәскеуді таңдауға көндіре ала ма — соны көрейік», — деп жазады дереккөз.