logo

Рафаэль Уразбахтин: Ойынға біз бар болғаны 12 футболшымен дайындалдық

Рафаэль Уразбахтин: Ойынға біз бар болғаны 12 футболшымен дайындалдық

«Қайрат» футбол командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы «Олимпиакоспен» өткен ойыннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

— Өкінішті гол жіберіп қойдық. Қарапайым жағдайда қарсыласқа өзіміз көмектесіп алдық, қателік жібердік. Жанкүйерлерді қуандырғымыз келді. Біз жігіттер лайықты ойнады, мінез көрсетті, жеңіске деген құлшыныс болды деп есептейміз. Ойыннан ұпай алуға болатын еді. Бірінші тайм бізді қуантпады. Қарсылас алғашқы минуттардан-ақ жоғары қарқынмен ойнады. Біздің ойыншылар ілесе алмады, мүмкін ойынға кіре алмай қалды. Матчқа дейін келіскендей әрекет ете алмадық. «Олимпиакоста» шабуыл желісі өте мықты. Ойынның барлық 90 минуты шиеленісті өтті.

— Үзілісте екі ойыншыны ауыстырдыңыз. Сол уақытта Зарияны дем алуға жібердіңіз. Сізге Гиорги әлі көмектесе алар еді деп ойландырмадыңыз ба?

— Бізге сәл қарқын жетіспеді. Қорғанып тұра бергіміз келмеді, өйткені ол жағдайда бізді өз қақпамызға қамап қояр еді. Ойынды өз қақпамыздан алысырақ шығару керек болды. Бірінші таймда агрессия жетіспеді. Екінші таймда алаңға шыққандар ойынды түбегейлі өзгертті деп айта алмаймын. Біздің ойыншылар барын салды.

— Ойын тәжірибесі жетіспеді деп айта аламыз ба? Себебі Копенгагендегі матчтан кейін жолдастық кездесу өткізуге болар еді.

— Келісемін, жолдастық матчтар жетіспеді. Бірақ ЧЛ-ның бесінші турына дейін біз бар болғаны 12 футболшыны жаттықтырдық. Бірқатар ойыншылар жарақат алды, кейбіреулері ұлттық құрамаға кетті. Кей тактикалық нәрселерді толық пысықтай алмадық. Команда түгелдей тек 22-сі күні ғана жиналды. Ал 24 қарашада Данияға ұшып кеттік. Бұл, әрине, ойын тонусына әсер етті. Аптасына бір рет те ойнамағанда, ырғақ пен тонус жоғалады.

Жолдастық матч туралы — бізге Мәскеудің «Спартагы» хабарласты. Олар бізбен ойнағысы келді. Бірақ бізде небәрі 10 ойыншы болды. Тіпті «Қайрат-Жастар» ойыншылары да жоқ еді. Сондықтан біз ойнаудан бас тарттық.

— Бүгін шабуылда үлкен қиындықтар болды. Неліктен Бағдат Рамазанды ЧЛ матчтарына негізгі құрамға қоспасқа?

— Біз оны қосар едік, бірақ бар болғаны 10 минут ойнай алатын еді. Сол себепті оның Жастар чемпиондар лигасы аясында толық матч ойнағаны дұрыс деп шештік. Оның жарақат алған кезеңі болды, суық тиюі де әсер етті. Қазір өз-өзіне келіп жатыр. Бірақ ол өзін құрамада да, «Қайрат-Жастарда» да жақсы көрсетіп жүр, алға жылжып келеді. Біз ол туралы ұмытпадық. Оның өзіне не пайдалы — соған көбірек мән береміз.

— «Брюгге» мен «Арсеналға» дайындық қашан басталады?

— Қазір жігіттерді демалысқа жібердік. 2–3 қаңтарда — медициналық тексеру, ал 4 қаңтарда оқу-жаттығу жиынына аттанамыз, 15–16 қаңтарда Астанада жиналамыз. Одан кейін ЧЛ матчтары басталады, ақпанда 20 күндік екінші оқу-жаттығу жиыны өтеді. Нақты күндері әлі белгісіз.

Айта кетейік, «Қайрат» жалпы кезеңде ЧЛ аясында тағы екі матч өткізеді: 2026 жылдың 20 қаңтарында алматылықтар Астанада бельгиялық «Брюгге» клубын қабылдайды, ал 28 қаңтарда Лондонда «Арсеналмен» кездеседі.



Күн шежіресі