logo

Теннисші Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

Теннисші Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Осы жарыстың жеңімпазы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне wild card алу мүмкіндігіне ие болатын.

Іріктеудің финалында Зарина Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зарина Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен.



Күн шежіресі