Соня Жиенбаева теннистен АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін бақ сынайды
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 1/8 финалда америкалық Вирджиния Крокермен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Келесі айналымда ол ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.