logo

Елена Рыбакина — WTA Finals жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші

Елена Рыбакина — WTA Finals жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші

2022 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA маусымдық финалының жартылай финалына мерзімінен бұрын шығып, Серена Уильямс тобында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл нәтиже америкалық Аманда Анисимова өз отандасы Мэдисон Кисті 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды.

Топтық кезеңде Рыбакина екі жеңіске жетті: алдымен Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен, кейін Польша өкілі Ига Швёнтекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен ұтты.

Бұл — қазақстандық теннис үшін тарихи жетістік. Елена — WTA маусымдық финалының жекелей сындарында жартылай финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.



Күн шежіресі