Қазақстандық бес теннисші Australian Open негізгі жарысына тіркелді
Australian Open турнирінің ресми сайты 2026 жылғы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» жарысына теннисшілердің алдын ала өтінімдерін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Ерлер арасындағы негізгі сеткада Александр Бублик (АТР 11-орын) және Александр Шевченко (95-орын) өнер көрсетеді.
Әйелдер арасында — Елена Рыбакина (WTA 5) және Юлия Путинцева (71-орын). Сондай-ақ ұйымдастырушылардың Wild Card жолдамасын Зарина Дияс алды.