«Ақтөбе» ФК жаңа бас бапкерін таныстырды
«Ақтөбе» клубы 53 жастағы словакиялық маман Штефан Тарковичті бас бапкер қызметіне тағайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клуб деңгейінде маман «Кошице», «Татран», «Жилина», «Бани Яс» және «Искра» командаларында бас бапкер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Словакия мен Қырғызстан ұлттық құрамаларын басқарған.
Бас бапкер ретінде Таркович құраманы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына шығара алды.