Арсен Әшірбек: Бельгиямен өткен матчтан кейін біз өз күшімізге сенімді бола бастадық
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Арсен Әшірбек FIFA Series жолдастық турнирінде Комор аралдары құрамасына қарсы өткен матчтан (1:0) кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет. Бұл — менің мансабымдағы алғашқы жүлде. Мүмкін, біреулер үшін ол аса маңызды емес шығар, бірақ мен үшін өте құнды. Эмоцияны сөзбен жеткізу қиын. Ең бастысы — біз жеңіске жеттік. Бельгиямен өткен ойыннан кейін өз күшімізге деген сенім пайда болды. Бізді қиын матч күтіп тұрғанын түсіндік.