logo

Талғат Байсуфинов: Бұл матчтар біз үшін Ұлттар лигасына дайындық кезеңі болды

Талғат Байсуфинов: Бұл матчтар біз үшін Ұлттар лигасына дайындық кезеңі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов FIFA Series турнирі аясында Комор аралдары құрамасын (1:0) есебімен жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Осы жеңіспен барша елді құттықтаймын. Бұл матчтар біз үшін алдағы УЕФА Ұлттар лигасы турниріне дайындық кезеңі болды. Осындай жолдастық кездесулерден кейін жігіттеріміз қосымша тәжірибе жинайды. Киім ауыстыратын бөлмеде бүгінгі ойынды талқыладық. Бұл жеңісті жанкүйерлерімізге арнаймыз.