logo

«Ақтөбе» бас бапкер туралы ресми мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» бас бапкер туралы ресми мәлімдеме жасады

54 жастағы беларусьтік бапкер Вячеслав Левчук ақтөбелік команданың тізгінін өз қолында қалдырады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше әлеуметтік желілерде команданың бас бапкері Вячеслав Левчук орнын босатуға өтініш жазды деген ақпарат тарады. Бұл жаңалықты растай отырып, клуб басшылығы Вячеслав Дмитриевичтің өтініші қанағаттандырылмағанын хабарлайды. Клуб бас бапкерге деген сенімін сақтап отыр.

Сол себепті команда қысқа үзілістен кейін жаттығуларын Вячеслав Дмитриевичтің жетекшілігімен қайта жалғастырады. Келесі матчта команда сырт алаңда «Елімайға» қарсы ойын өткізеді», — деп жазды «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі.