logo

Олжас Абраев Еуропа лигасының матчының делегаты болып тағайындалды

Олжас Абраев Еуропа лигасының матчының делегаты болып тағайындалды

Sport+ медиатобының бас директоры Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы матчқа делегат болып тағайындалды.

Кездесу мальталық «Хамрун» мен израильдік «Маккаби» (Тель-Авив) командалары арасында өтеді.

Ойын ертең, 5 тамыз күні Астана уақытымен 22:00–де Мальтаның Паола қаласындағы «Хибернианс» стадионында өтеді.

Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бері ФИФА-ның матчтық комиссары болып табылады.