«Қайрат» еурокубоктардағы келесі қарсыластарын білді

Алматылық «Қайрат» Еурокубоктардағы келесі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sport+.
Егер «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, онда шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Бұл кездесулер 19/20 және 26/27 тамыз күндері өтеді.
Ал егер алматылықтар іріктеу кезеңінде сүрініп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түссе, онда Швейцарияның мықты клубтарының бірі — «Янг Бойзға» қарсы ойнайды. Бұл матчтар 21 және 28 тамызға жоспарланған.