logo

«Ақтөбе» жаңа спорт директоры тағайындалғанын хабарлады

«Ақтөбе» жаңа спорт директоры тағайындалғанын хабарлады

«Ақтөбе» клубы 41 жастағы қазақстандық маман Марат Хайруллиннің спорт директоры қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Марат Хайруллин — Қазан футболының түлегі. Футболшы ретінде Қазақстанда «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Атырау» және «Қайсар» клубтарында өнер көрсетті. Қызыл-ақтар сапында ол 308 матч өткізіп, 79 гол соққан. 2019 жылы қызылордалықтар құрамында мансабын аяқтаған.

Марат Хайруллин — «Ақтөбе» клубы тарихындағы ең үздік сұрмерген.