«Ордабасы» бразилиялық қорғаушыны қатарына қосты

Бразилиялық қорғаушы Алан Диаш «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін ол Әзербайжан чемпионатында «Сумгайыт» футбол командасы сапында, Болгарияда «Локомотив» клубында, сондай-ақ Бразилияда өнер көрсеткен.