logo

Әнші Luina «Астана» ФК гимні туралы: Бұл жай ән емес, бұл – команданың бойтұмары, осы жобамен қатты мақтанамын

Әнші Luina «Астана» ФК гимні туралы: Бұл жай ән емес, бұл – команданың бойтұмары, осы жобамен қатты мақтанамын

Қазақстандық әнші Luina Sport+ арнасына берген сұхбатында «Астана» футбол клубының гимнін орындауға қатысуы туралы айтты:

«Мәліметтердің бәрін нақты есімде сақтамаппын, бірақ „Формат“ тобының солисі, Астанада тұратын Қайрат Бәйекенов бұл әнді жазғанын білемін. Ол мені және Нұржан Керменбаевты шақырды. Қайрат нағыз хит жазды, біз „Астана“ футбол клубымен тұтас бір хикаяны түсірдік — студияда да, стадионда да түсірілім болды! Өте сапалы, керемет жұмыс атқарылды. Қазір „Астана“ ойнағанда стадионда осы ән қосылады — бұл өте керемет! Себебі бұл жай ән емес, бұл — гимн, қуат көзі, команданың бойтұмары! Мен бұл жобаға қатысқаныма қатты мақтанамын», — деді әнші. 

Әншінің толық сұхбатын төмендегі плеер арқылы көре аласыз.



Күн шежіресі