«Alash Pride» чемпионы октагонға BRAVE CF турнирінде оралады
31 мамыр күні «Alash Pride» Бахрейннің BRAVE CF лигасымен бірлескен турнир өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Турнирде Қазақстан лигасының ауыр салмақтағы чемпионы, жеңіліп көрмеген Расул Хатаев октагонға қайта оралады.
Оның қарсыласы да жеңіліссіз келе жатқан ресейлік Владимир Петренко болады.