Бекболат Алматыдағы Brave турнирінде жекпе-жек өткізеді

Бекболат Алматыдағы Brave турнирінде жекпе-жек өткізеді

BRAVE лигасының жартылай жеңіл салмақтағы титулына үміткер Рауан Бекболат Alash Pride лигасымен бірлескен турнир аясында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Бекболат октагонда Өзбекстан өкілі Сардор Худайбердиевпен кездеседі.

Рауанның BRAVE лигасындағы рекорды — 2-1. Ол соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Омар Соломановқа есе жіберген болатын. Ал Сардор Бахрейн лигасындағы дебютін 2025 жылдың желтоқсанында өткізіп, қазақстандық Кошен Акановқа нокаутпен жеңілген еді.

Жекпе-жек 31 мамыр күні Алматы қаласында өтеді. Турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі