Диас Еренғайыпов Жақанша үшін есе қайтара ала ма?

Диас Еренғайыпов Жақанша үшін есе қайтара ала ма?

BRAVE Combat Federation лигасы Алматыда үлкен турнир өткізеді, оның қосалқы басты жекпе-жегінде қазақстандық Диас Еренғайыпов өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.

Диастың қарсыласы пәкістандық Амир Хан болады. Ол бұған дейін Бағлан Жақанша атты тағы бір қазақстандық спортшыны BRAVE Combat Federation лигасында жеңген.

Қазіргі таңда Хан бес жеңістен тұратын сериямен келе жатыр. Ал Диас қатарынан тоғыз жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Турнир 31 мамыр күні Алматыда өтеді.



Күн шежіресі