NAIZA лигасының экс-чемпионы Қазбек Сағын алдағы турнирде октагонға оралады

NAIZA лигасының экс-чемпионы Қазбек Сағын алдағы турнирде октагонға оралады

Қолма-қол ұрыс бойынша үш дүркін әлем чемпионы, NAIZA лигасының ең жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Қазбек Сағын Алматыда өтетін лига турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Оның қарсыласы — қытайлық файтер.

Қазбек соңғы жекпе-жегінде Еламан Саясатовқа есе жіберген еді. Екінші раундта қолын сындырып алған болатын. Қазір ол толық қалпына келіп, чемпиондық белбеу үшін қайта таласуға дайын.

Турнир 23 мамыр күні өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Саясатов Болат Заманбековтен чемпиондық белбеуді тартып алуға тырысады.



Күн шежіресі