Белбеу үшін айқас. Alash Pride 121–122 турнирлерінің тікелей эфирі
5 мамыр күні Шымкентте Alash Pride лигасының екі турнирі өтеді. Сағат 12:00–де жас файтерлер мен кәсіби ММА-дағы рекордтары аз спортшылар қатысатын турнир басталады.
Кешке негізгі турнир өтеді, оның басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта лиганың жаңа чемпионы анықталады.
Белбеу үшін тәжірибелі Қаныбек Жаныбек уулу таласады. Ол бұған дейін ACA, NAIZA, WEF және Alash Pride лигаларында өнер көрсеткен. Оған қарсы октагонға Қазақстан өкілі Ернар Әлімбеков шығады, ол лигада қатарынан үш мерзімінен бұрын жеңіске жетіп келеді.
Ко-мейн ивентте Байзатбек «Волчонок» Әбдімәлік уулу кездеседі. Ол соңғы жекпе-жегінде Өзкан Ишиговты техникалық нокаутпен жеңген. Оның қарсыласы — жеңіліс көрмеген ресейлік Хетаг Моргоев, соңғы айқасын ACA Young Eagles лигасында өткізген.
Негізгі турнирдің басталуы — 18:00.
Alash Pride 121 турнирін sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Alash Pride 122 турнирі YouTube пен сайттан бөлек, Sport+ телеарнасында да тікелей эфирде көрсетіледі.