«Жетісу» «Ордабасыға» қарсы кездесуде қосымша уақытта үш ұпайға қол жеткізді (видео)

Талдықорғанда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында «Жетісу» мен «Ордабасы» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Кездесуде Самат Смақовтың шәкірттері жеңіске жетті. Матч тағдырын қосымша уақытта командаға жаңадан қосылған нигериялық шабуылшы Рафаэль шешті.
Бұл жеңіс талдықорғандықтарға турнир кестесінде 10-орынды нығайта түсуге мүмкіндік берді. Ал «Ордабасы» еурокубоктық аймақтан 12 ұпайға қалып қойды.