«Жеңіс» Демченконың сериясын жалғастырды (видео)

Украиналық бапкер Андрей Демченко келгеннен кейін «Жеңіс» Қазақстан чемпионатында жеңілмей келеді. Команда тек сырт алаңда өткен «Тобылмен» ойында (2:2) ғана ұпай жоғалтқан, деп хабарлайды Sport+.
Міне, Қазақстан чемпионатының 17-турында Демченконың командасы сенсациялық түрде сырт алаңда «Елімайды» 2:1 есебімен жеңді.
Бірінші таймда алаң иелері есеп ашты – гол авторы Иван Свиридов. Алайда матч соңында «Жеңіс» екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті – голдарды Эльгуджа Лобжанидзе мен Адилио соқты.