«Атырау» ел чемпионатындағы сәтсіздік сериясын үзді

Петропавлда Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында «Қызылжар» мен «Атырау» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Кездесуде Виталий Жуковскийдің командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын Ян Труфанов соқты.
Айта кетейік, «Атырау» соңғы рет үш ұпайды Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Елімайға» қарсы өткен ойында (2:1) еншілеген болатын.