logo

«Жетісу» экс-ойыншысы Беларусияға оралды

«Жетісу» экс-ойыншысы Беларусияға оралды

31 жастағы жартылай қорғаушы Антон Шрамченко Беларусьтің «Динамо» Брест клубына ауысты, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антон Шрамченко соңғы бір жарым жылын Қазақстанда өткізіп, «Мақтаарал» және «Жетісу» сапында өнер көрсетті.

«Жетісуда» ол ауыр жарақат алып, бір жарым ай ойыннан шет қалды. 2024 жылғы маусымда вингер 21 матчта 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.