Асу Алмабаев UFC-де мерзімінен бұрын жеңді

Асу Алмабаев UFC-де мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев жекпе-жектің үшінші раундында Чарльз Джонсонды тізе буынына жасалған ауырту әдісімен (сабмишн) жеңді.

Осылайша, Алмабаев қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

— Осындай жанкүйерлердің қолдауынан кейін жеңіле алмадым! Енді Джошуа Ван, сен келесісің! Мен сенімен жекпе-жекке дайынмын. Өзбекстанда, Қырғызстанда немесе Қазақстанда — қай жерде болса да келісемін. Қараша не желтоқсан айында жекпе-жек өткізейік. Менің мақсатым — чемпиондық белбеу. Келесі титулдық жекпе-жекке лайық үміткер менмін, — деді Алмабаев.

Оның кәсіби рекорды қазір 24 жеңіс, 3 жеңіліс, ал UFC-дегі көрсеткіші — 7 жеңіс, 1 жеңіліс.