Қалматаев – Орозмамат уулу реваншы. Alash Pride пен Global EFC бірлескен турнирінің тікелей эфирі
28 маусым күні Шымкентте «Alash Pride» және «Global EFC» ұйымдарының бірлескен екі турнирі өтеді.
Алғашқы турнир сағат 13:00–де, ал екіншісі 18:00–де басталады.
Кештің басты жекпе-жектерінде қазақстандық Раимбеков өзбекстандық Қахрамонбековпен кездеседі. Сондай-ақ Қалматаев пен Орозмамат уулу арасындағы қарымта жекпе-жек өтеді.
Олардың алғашқы кездесуі Қалматаевтың тіземен тыйым салынған соққы жасағаны үшін дисквалификацияланып, қырғыз файтерінің жеңісімен аяқталған болатын.
Екі турнирдің де тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ sportplus_qaz YouTube арнасынан көруге болады.