Алматыда дәстүрлі BAQ Open турнирі мәресіне жетті

Алматыда дәстүрлі BAQ Open турнирі мәресіне жетті

Алматыдағы «Алатау» теннис орталығының топырақ төселген корттарында бұқаралық ақпарат құралдары, PR-индустриясы және баспасөз қызметкерлері күніне арналған дәстүрлі BAQ Open турнирі өтті.

Жарыстың басты мақсаты – медиа саласының өкілдерін бір алаңға біріктіру, әріптестердің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау. Жыл сайын бұл турнир тек тартысты бәсекенің ғана емес, бейресми жүздесудің, тәжірибе алмасудың және достық қарым-қатынасты нығайтудың алаңына айналып келеді.

Турнирдің ашылу салтанатында қатысушыларды Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Ардақ Әбіжанов құттықтап, БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, журналистердің спортты дамыту мен насихаттаудағы маңызды рөлін атап өтті.

»BAQ Open турнирі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған игі дәстүрге және маңызды шаралардың біріне айналды. Биыл бұл жарыс сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын қатысушылар санының артып келе жатқаны бізді ерекше қуантады. Биыл кортқа журналистермен қатар Қазақстанның танымал блогерлері де шықты. Бұл теннисті жаңа аудитория арасында кеңінен танытуға ықпал етеді.
Спорттың дамуына және теннис жаңалықтарын кеңінен насихаттауға қосып жүрген үлестеріңіз үшін барлық медиа өкілдеріне шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында тенниске қызығушылық танытатын адамдар саны артып, көпшілік бұл спорт түрімен айналыса бастады. Қазақстан теннис федерациясы үшін бұқаралық теннисті дамыту – басым бағыттардың бірі. Осындай турнирлер теннисті бұрынғыдан да қолжетімді әрі танымал етуге мүмкіндік береді», – деді Ардақ Әбіжанов.

Жарысқа 50-ге жуық бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар топтық айналым жүйесі бойынша сынға түссе, кейін үздіктер плей-офф кезеңіне өтіп, «Мастерс» және «Фьючерс» турнирлік кестелерінде бақ сынады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер турнир серіктестері – Marmelat, Re Vibe және 7 o'clock компанияларының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Турнир Қазақстандағы мобильді интернеттің ең кең қамту аймағын ұсынатын Beeline Janymda компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.