logo

«Жеңіс» испан шабуылшысымен келісімшартқа қол қойғанын жариялады

«Жеңіс» испан шабуылшысымен келісімшартқа қол қойғанын жариялады

32 жастағы испан шабуылшысы Мигель Анхель Хунко Мартинес «Жеңіс» футбол клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубқа сілтеме жасап.

Мика — Испанияның «Райо Кантабрия» клубының түлегі. Ол Испанияның «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ футболшы Камбоджаның «Свайриенг», Малайзияның «Негри-Сембилан» және Финляндияның «КТП» клубтарында өнер көрсетті. Финляндиялық «КТП» командасымен бірге елдің Жоғарғы дивизионына жолдама алып, 2022 жылғы маусымда үздік сұрмерген әрі үздік ойыншы атанды.



Күн шежіресі