Азия Чемпиондар лигасының барлық жартылай финалистері анықталды (видео)

Жапонияның «Кавасаки» клубы Қатардың «Әл-Садд» командасын Азия Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткізбей қойды, деп хабарлайды Sport+.
Жапондықтар қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің төртінші жартылай финалисті атанды.
Бұған дейін Азияның үздік төрттігіне Сауд Арабиясының өкілдері — «Әл-Хиляль», «Әл-Ахли» және «Әл-Наср» командалары шыққан болатын. Жартылай финалдық кездесулер 29–30 сәуір күндері өтеді.