«Галатасарай» Моратаның қос голының арқасында ірі есеппен жеңіске жетті

«Галатасарай» чемпиондыққа сенімді қадам жасауды жалғастыруда: олар қонақта «Эюпспорды» 5:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Осы нәтижеден кейін «Галатасарай» турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды.
Осы ойында екі голды испаниялық Альваро Мората соқты, сондай-ақ Роланд Шаллаи, Лукас Торрейра және Виктор Осимхен де қанжығаларын майлады.
Ал алаң иелерінің намыс голын Лукас Кларо соқты.