«Астана» бір аптада «Атырауды» екі рет жеңді

Кестедегі кейінге шегерілген матч аясында «Астана» сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесудің алғашқы голы пенальтиден соғылды — 11 метрлік айып добын Грипши дәл орындады. Кейін жылдам қарсы шабуыл кезінде капитан Марин Томасов есепті еселей түсті.
Бұл — елордалық клубтың «Атырауды» бір апта ішінде екінші мәрте жеңуі. Алдыңғы ойында да «Астана» басымдық танытқан болатын.