logo

«Спортинг» пен «Бенфика» ірі есеппен жеңіске жетті (видео)

«Спортинг» пен «Бенфика» ірі есеппен жеңіске жетті (видео)

Португалия чемпионатында чемпиондық жарыс қыза түсуде: «Спортинг» пен «Бенфика» 75 ұпайдан жинап, тең келе жатыр, деп хабарлайды Sport+.

31-турда «Арыстандар» қонақта «Боавишта» командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Турнирдің үздік сұрмергені, швед Виктор Дьекереш покер жасап, тағы бір голды Максимильяно Араухо соқты.

«Бенфика» үйде АФС командасының қақпасына жауапсыз 6 гол соқты. Голдар авторлары: Араухо, Павлидис, Амдуни, Актюркоглу, Белотти және Отаменди.