Жастар құрамасы әлем чемпионатынан шығып қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы әлем чемпионаты жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен ойын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілетем жасай отырып.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәли Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Саким Шефер таразы басын теңестірді. Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан өз құрамасын алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.
Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, қайтадан есеп теңесті. Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді. Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды.
Қазақстан жастар құрамасы жоғары дивизионда тоғыз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын. Қазақстандық хоккейшілер B тобында ойын көрсетті. Топтық кезеңде олар Швециядан 0:8, Чехиядан 2:14, Швейцариядан 4:5, Словакиядан 1:3 есебімен жеңіліп, плей-офф сатысына шыға алмай қалды.