Хоккейден жастар құрамасы Германиямен кездеседі

Шайбалы хоккейден Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы әлем чемпионаты жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен ойын өткізеді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстандық хоккейшілер B тобында ойын көрсетті.
Топтық кезеңде олар Швециядан 0:8, Чехиядан 2:14, Швейцариядан 4:5, Словакиядан 1:3 есебімен жеңіліп, плей-офф сатысына шыға алмай қалды.
Небәрі бір ұпайды місе тұтқан қазақстандық жастар өз тобында бесінші орынға табан тіреді. Германия да осындай ұпаймен А тобының көш соңында қалып қойды.
Бұл матч 2 қаңтарға жоспарланған. Жеңген құрама 2026 жылғы әлем чемпионатында жоғары дивизионда ойнау мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Ал плей-офф сатысында АҚШ пен Швейцария, Чехия мен Канада, Швеция мен Латвия, Финляндия мен Словакия кездеседі.
Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі – «Снежные барсы», МХЛ), Данил Лыткин («Барыс U18»)
Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Санжар Ибрагим, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные барсы», МХЛ), Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Бейбарыс Оразов («Барыс», КХЛ)
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Филадельфия Ребелс», NAHL), Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы – «Снежные барсы», МХЛ), Александр Ким («Бисмарк Бобкэтс», NAHL), Давлат Нұркенов («Эссят U20», U20 SM-sarja), NAHL), Егор Левковец (МХК «Барыс»), Асанали Саркенов (Спокан Чифс, WHL), Семен Симонов («Барыс»).