logo

Жарылқасын, Қошқар және Евлоев Әлем чемпионатында күреске түседі. Загребтен өтетін жарыстың тікелей эфирі

Жарылқасын, Қошқар және Евлоев Әлем чемпионатында күреске түседі. Загребтен өтетін жарыстың тікелей эфирі

20 қыркүйекте классикалық күрестің соңғы салмақ дәрежелері — 63, 67 және 87 келі бойынша балуандар Әлем чемпионатындағы жүлде үшін күресті бастайды.

Бұл салмақ дәрежелерінде Қазақстан намысын Ержет Жарылқасын, Дінмұхамед Қошқар және Ислам Евлоев қорғайды.

Ержет Жарылқасын іріктеу кезеңінің алғашқы айналымын өткізеді, ал Дінмұхамед пен Ислам күресті бірінші кезеңнен бастайды:

Дінмұхамед Қошқар — Славик Галстян (Армения)
Ислам Евлоев — Лаша Гобадзе (Грузия)

Іріктеу белдесулері сағат 13:00–де басталады. Оларды Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.



Күн шежіресі