Жадраев күрес бойынша Әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі. Тікелей эфир
Олимпиада-2024 жүлдегері Демеу Жадраев 2025 жылы Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, жапондық Нао Кусака венгр балуаны Роберт Аттила Фричті 3:1 есебімен жеңді. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға жұбаныш белдесулерінде өнер көрсетуге жол ашты.
Бұған дейін Жадраев ¼ финалда Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберген болатын.
Жұбаныш белдесулері 19 қыркүйекте өтеді. Егер Жадраев қола үшін белдесуге жолдама алса, ол кешкі финалдық сессияда да кілемге шығады.