Классиктер медаль үшін таласқа түседі. Әлем чемпионатының тікелей эфирі
Загребте өтіп жатқан күрес әлем чемпионатында грек-рим стиліндегі балуандар медаль үшін кілемге шығады. Олардың қатарында Париждегі соңғы Олимпиаданың жүлдегері Демеу Жадыраев (77 келі) бар.
Демеуден бөлек, 18 қыркүйекте Марлан Мұқашев (55 келі), Әлмир Төлебаев (82 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) өнер көрсетеді.
Қазақстандықтардың алғашқы белдесу кестесі:
Марлан Мұкашев — Артем Делеану (Молдова)
Демеу Жадыраев — Джони Серккинен (Финляндия)
Әлмир Төлебаев — Рахул Рахул (Үндістан)
Әлімхан Сыздықовтың қарсыласы кейін анықталады.
Іріктеу белдесулері және ширек финалға дейінгі барлық кездесулер күндізгі сессияда өтеді. Ол Астана уақытымен 13:30–да басталады.
Барлық белдесулерді тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.