logo

Әйелдер үшін соңғы мүмкіндік – Загребтегі күрес бойынша әлем чемпионатын қайдан және қашан көруге болады

Әйелдер үшін соңғы мүмкіндік – Загребтегі күрес бойынша әлем чемпионатын қайдан және қашан көруге болады

Загребте күрес бойынша әлем чемпионаты жалғасуда. Алтын медаль үшін төрт салмақ дәрежесінде қыздар күреседі — 53, 62, 68 және 72 келіге дейін.

Қазақстан атынан осы салмақ дәрежелерінде Зейнеп Баянова, Тыныс Дубек, Бейбит Сүйдуалы және Жамиля Бакбергенова бақ сынайды.

Қазақстандық спортшылардың кестесі:

53 келі — Зейнеп Баянова — Сейон Пак (Оңтүстік Корея)
62 келі — Тыныс Дүбек — Алисия Новосад (Польша)
68 келі — Бейбит Сүйдуалы — Хеньйен Пак (Оңтүстік Корея)
72 келі — Жәмиля Бақбергенова — Нурзат Нуртаева (Қырғызстан)

Сайыстың таңертеңгі сессиясында іріктеу және жартылай финалға дейінгі жекпе-жектер өтеді. Бұл сессия Астана уақытымен 13:30–да басталады.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі