Сұлтанғали, Мәулікатов, Бержанов. «Классиктердің» Загребтегі Әлем чемпионатындағы белдесулердің тікелей эфирі
2025 жылғы 19 қыркүйекте грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының кезекті жарыстары өтеді.
Қазақстан атынан 60, 72 және 97 келі салмақ дәрежелерінде Айдос Сұлтанғали, Мерей Мәулікатов және Рахат Бержанов бақ сынайды.
Қазақ балуандарының белдесу кестесі:
Айдос Сұлтанғали — Максвелл Блэк (АҚШ)
Мерей Мәулікатов — Матиас Липасти (Финляндия)
Рахат Бержанов — Георги Мелия (Грузия)
Алдын ала белдесулер, ¼ финалға дейінгі кезеңдерді қоса алғанда, таңғы сессияда өтеді. Басталуы — Астана уақытымен 13:30.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.