Хоккейшілер Универсиаданы сәтті бастады

2025 жылғы Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы екінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын өрнегін көрсетті. Бірінші кезеңде қазақстандық Александр Панченко 9-минутта есеп ашса, одан кейін 10-минутта Николай Шульга басымдықты арттырды. Ойынның 18-минутында Руслан Демин мергендік танытты.
Екінші кезеңде Андрей Буяльский 35-минутта гол соқса, 38-минутта Кирилл Никитин көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Үшінші кезеңде кореялық хоккейшілер есеп айырмасын бір голға қысқартса, қазақстандық Семен Симонов 51, Денис Чапоров 57-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Енді қазақстандық хоккейшілер 15 қаңтарда Канада, 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.