logo

Қазақстан құрамасының 19 жастағы шабуылшысы канадалық клубтың ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының 19 жастағы шабуылшысы канадалық клубтың ойыншысы атанды

«Все хоккей Бро» ақпараты бойынша, Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Никита Ситников Канаданың BCHL (Британдық Колумбия хоккей лигасы) лигасында өнер көрсететін «Коквитлам Экспресс» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.

19 жастағы шабуылшы биылғы маусымды «Снежные Барсы» командасында бастады. Онда ол тұрақты чемпионаттың 27 матчында 11 (5+6) ұпай жинады. Қазақстан жастар құрамасы сапында әлем чемпионатында Никита Ситников 5 матчта 2 (1+1) ұпайға қол жеткізді.