Қазақстан әйелдер құрамасы Универсиададағы алғашқы матчта ірі жеңіліс тапты

Италияда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Жапония командасына қарсы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 10:0 есебімен жапондықтардың пайдасына аяқталды.
Қазақстан құрамасы Жапониядан бөлек, бір топта Чехия және АҚШ құрамаларымен кездеседі.