logo

Ғалым Мамбеталиев «Ак Барстан» жеңіліс туралы: Команда әр ойында барын салады

Ғалым Мамбеталиев «Ак Барстан» жеңіліс туралы: Команда әр ойында барын салады

«Барыс» командасының бас бапкері Ғалым Мамбеталиев «Ак Барсқа» қарсы өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында (4:5) ойын жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport+ KHL.ru-ға сілтеме жасап.

– Жігіттерге қарсыластың мықты екенін, артық құрамда және қақпа алдында жақсы ойнайтынын ескерттік. Кей жерлерде шыдап, гол салдық, бірақ соңында сәл жетпей қалды. Соңғы минуттарда концентрацияны жоғалтты деп айта алмаймын. Кейде жақсырақ ойнағың келеді, бірақ өзіңе қиындық жасап аласың. Шайбаны ұстап тұру керек еді, бұл сәттер қорғаныста ойнауға алып келді, ал керісінше шабуыл аймағында ойнауға болатын еді. Жігіттер Тольяттиде өткен матчтан кейінгі көңіл-күймен шықты, ол кезде ойын және соққылар жағынан басым болсақ та, соңында өзіміздің қателігімізден гол жіберіп, ұтылып қалдық. Бұл матчта жігіттердің жақсы дайындалғаны, бар күш-жігерін салғаны көрініп тұрды. Иә, қателіктер бар, бірақ оларды түзетуге болады. Команда әр ойында барын салып, күреседі. Көптеген жас ойыншылар бар, олар бір-біріне үйренісіп жатыр.