Халықаралық таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо: Қазақстан Гран-при финалы мен әлем чемпионатын өткізуге лайық

Халықаралық таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо: Қазақстан Гран-при финалы мен әлем чемпионатын өткізуге лайық

Халықаралық таеквондо федерациясының президенті доктор Чунгвон Чо Қазақстандағы осы спорт түрінің дамуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Жыл соңында Қазақстан Гран-при финалын қабылдайтынын бәріміз білеміз. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік таеквондо федерациясы бұл жарыстарға арналған жаңа ережелерді енгізіп жатыр. Сонымен қатар, келесі жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатында алғаш рет Лос-Анджелес Олимпиадасының ережелері қолданылады. Қазақстан бұған дейін де ірі халықаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырған. Осыны ескере отырып, біз бұл ел Гран-при финалы мен 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге әбден лайық деген шешім қабылдадық», — деді ол.

Айта кетейік, 22–23 маусым күндері Астанада алғаш рет Алтай одағының чемпионаты өтеді. Ал 25–27 маусым аралығында жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирі ұйымдастырылады.

Алтай одағы чемпионатында командалық есеп қорытындысы бойынша ақшалай сыйақы қарастырылған:

І орын — 15 000 АҚШ доллары;
ІІ орын — 10 000 АҚШ доллары;
ІІІ орын — 5 000 АҚШ доллары.

Kazakhstan Open турнирінде ересектер санатындағы жүлдегерлерге ақшалай сыйақы беріледі:

І орын — 500 АҚШ доллары;
ІІ орын — 300 АҚШ доллары;
ІІІ орын алған екі спортшының әрқайсысы 100 АҚШ долларынан алады.



Күн шежіресі